08 декабря 2021
122

«Бүгінгі бойжеткен –ұлт болашағының болмысы»

30.11.2021 жылғы №18-4/1572 хатына сәйкес, Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің акт залында «Бүгінгі бойжеткен –ұлт болашағының болмысы» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Талас ауданы әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының мүшесі Г.Қалықұлова мен ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Ж.Әнебеков, Талас АПБ ЖПБҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Д. Қуантаева, аудандық орталық емхананың психологы А.Құлымбетова және әйелдер кеңесінің психологы қатысты.
Іс-шара барысында жасөспірімдер арасындағы бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер, атап айтқанда тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, өзіне –өзі қол жұмсау, темекі бұйымдарының зияны және тағы басқа проблемалардың түсі түстеліп, күрмеуі тарқатылды.
Іс-шараның кіріспе бөлігінде Г.Қалықұлова зорлық-зомбылық ұғымы мен оның түрлеріне түсініктеме беріп, жастар өмірінде жиі кездесетін жоғарыдағы проблемалардың барлығы зорлық-зомбылықпен байланысты екендігін қадап айтты.
Осы бағытта инспектор Д.Қуантаева алғашқы баяндамашыны қуаттап, өткен жылғы жарияланған логдаун кезінде жұмыссыздықтың салдарынан отбасыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың артқандығына назар аударды. Себеп ретінде, күнделікті өмірінің басым бөлігін жұмыс бастылықпен өткізетін ер адамдар арасында , бос уақытын спирттік ішімдіктерді зиянкесті пайдалану салдарынан отбасының шырқын бұзғандар қарасының артқандығын мәлімдеді. Жеке ескерту ретінде инспектор қыз балаларының түнгі уақытта , бейтаныс ортада жүруі қауіпті еселендіретіндігін ескертті.
Орталық емхана психологтары іс-шараға жиналған аудиторияның ерекшелігіне байланысты қыздарға орын алуы мүмкін қауіп көздерін жеке-жеке даралады. Соның ішінде, толық емесе отбасы (яғни, өгей әке немесе шеше), сауықшыл орта (достар), баянсыз алғашқы сезім салдарынан немесе отбасыдағы жанжал салдарынан өзіне-өзі қол жұмсау, әлеуметтік жарнаманың немесе достардың үгіттеуі, болмаса жалған трендте болуға ұмтылу салдарынан темекіге, әсіресе электронды темекіге құмарлық және өзге де мән-жайларды талқылады.
Денсаулық сақтау ұйымының өкілдері жастар арасындағы электронды темекі бұйымдарын тұтынудың денсаулыққа зияндарына тоқталып, өнімнің құрамына түсініктеме берді. Әрі мұндай мінез-құлықтың болашақта ана болатын тұлғаның денсаулығына, соның ішінде репродуктивтік қабілетіне ауыр соққы жасауы мүмкін екендігін мәлімдеді.
Құйма құлақтың құрышын қандыратын, бүгінгі бойжеткеннің болашағының баянды болуына қам жеген тағы бір іс-шара осылай аяқталды

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location