09 декабря 2021
116

«Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры»

«Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры» атты облыстық онлайн ғылыми- теориялық конференция студенттер арасында желтоқсан айының 9-шы жұлдызында өтті.
Қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белесті насихаттау, өз елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін дамыта отырып, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өткен конференцияға Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің студенттері Өмірәлі Нысанбек 1401-18-9б тобы /жетекшісі Г.Жуманалиева/, Нұрланқызы Ақерке 0613-21-9б тобы /жетекшісі Ж.Уртаева/, 0613-21-9б тобы Абдулда Жанбота /жетекшісі Н.Кошанова/ қатысты.
Конференцияның «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: табысты мемлекет, табысты ел» секция бағыты бойынша 1401-18-9б тобының студенті Өмірәлі Нысанбек /жетекшісі Г.Жуманалиева/ «Тәуелсіздік-ел тұғыры!» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап І-ші дәрежелі дипломмен, 0613-21-9б тобының студенттері Нұрланқызы Ақерке, Абдулда Жанбота Алғыс хатпен марапатталды.
Колледжіміздің студенттерін жеңісімен құттықтаймыз!
 

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location