14 декабря 2021
111

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры»

4 курс студенттерімен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Студенттер Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған өлен шумақтарын арнап, бір шаңырақ астында өз еліне деген ыстық лебіздері мен тілектерін арнады.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 30 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Еліміздің ішкі – сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.
 

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location