15 июня 2022
45

Талас АПБ ЖПБҚ инспекторларымен кездесу

«Рухани жаңғыру» кабинетінде отбасыдағы зорлық –зомбылыққа қарсы айлық аясында Талас АПБ ЖПБҚ инспекторларымен кездесу өтті. Іс-шараның алғашқы бөлімінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлім инсп. полиция аға лейт. Д. Қуантаева ағымдағы жылда осы бағытта әйелдер арасында орын алған қайғылы жағдайларға тоқталып, мәселенің отбасылық-әлеуметтік мәніне талдау жасады.
Полиция капитаны Ж.Көпжасаров Қазақстан Республикасында отбасыдағы қатынастарды реттейтін заңдарға тоқталып, оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттеріне түсініктеме берді. Сонымен қатар, отбасыда зорлық-зомбылық орын алған жағдайда, әйел азаматтың өзінің және кәмелетке толмаған балаларының денсаулығы мен құқықтарын қорғаудың маңызына ерекше тоқталды.
Іс-шара білім беру ұйымында жұмыс істейтін әйел азаматтар мен белсенді студент қыздарды қамтыды. Кездесу соңында баяндамашылар тыңдаушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
 
Возможно, это изображение 10 человек, люди стоят, цветок и в помещении

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location