"WorldSkills Kazakhstan-2019"

ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Бүгін "WorldSkills Kazakhstan-2019" ұлттық чемпионатының жабылу салтанаты өтті.

Еркін форматтағы кездесу

2019 жылдың 18 қазан күні Қаратау құрылыс-техникалық техникалық колледжінің акт залында Талас әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ нің ұйымдастырумен Талас ауданының әкімі Досмаханбет Қасымұлы Алиев ауданымыздағы жетістікке жеткен, белсенді студент жастарымен еркін форматтағы кездесу өткізді.

«Рухани құндылық адам жанының алтын арқауы»

« Рухани құндылық адам жанының алтын арқауы»
Рухани жаңғыру –бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал, жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте, олардың білімділігі, ана-тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады. Сондықтан да Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жастарға арналады.

«Адалдық сағаты»

2019 жылдың 15 қазанында Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің акт залында, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының тапсырмасына сәйкес, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында колледжде, жалпы республикалық «Адалдық сағаты» аясында студенттермен дөңгелек үстел өтті.

Жалпы ата-аналар жиналысы

2019жылдың 27 қыркүйегінде Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің акт залында колледждің жалпы ата-аналар жиналысы өтті.